Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар Ефрем руының таулы жерін және Шалишаның маңайын аралап шыққанмен таба алмады. Содан Шағалимға барғанда есектері сол аймақта да жоқ болып шықты. Кейін Буняминнің жерін шарлап, жоқтарының ізіне түсе алмады. Саул:— Жарайды, барайық, бірақ оған не сыйлаймыз? Дорбаларымызда нан да қалмады. Енді Құдайдың адамына сыйлайтындай еш тартуымыз жоқ. Әлде бірдеңеміз бар ма? — дегенде, Бірақ Иса:— Кетулері қажет емес, оларға тамақты сендер беріңдер! — деп жауап қатты. Шәкірттер: — Бізде тек бес күлше нан мен екі кепкен балық қана бар, — деді. Иса: — Соларды Маған алып келіңдер! — деп, халыққа көгалдың үстіне жайғасып отыруды бұйырды. Мұнан кейін Иса бес күлше мен екі балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті. Нанды үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді, ал олар халыққа үлестірді. Барлығы да жеп тойды.Соңында олар нан үзімдері мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда, он екі себет толды. Ал балалар мен әйелдерді есептемегеннің өзінде тамақтанған ер адамдардың жалпы саны бес мыңдай еді. Кейінірек Иса шәкірттерін қасына шақырып:— Халыққа жаным ашиды. Олар үш күннен бері қасымда болып, жейтін азықтары қалмады. Оларды аш күйлерінде қайтарып жібергім келмейді: жолшыбай әлсіреп, құлап қалар, — деді. Шәкірттері:— Осы құлазыған далада соншама көп халықты тамақтандыруға жететін нанды қайдан табамыз? — деп жауап берді. Иса: — Қанша нандарың бар? — деп сұрағанда олар:— Жеті күлше мен бірнеше кепкен ұсақ балық қана, — деді. Сонда Иса жұртқа жерге жайғасуға бұйырды. Жеті күлше мен балықтарды қолына алып, шүкіршілік етті де, үзіп-үзіп шәкірттеріне бере берді. Олар халыққа үлестірді. Бәрі де тамақтанып, тойып алды.Соңынан қалдықтарды жинап алғанда жеті үлкен себет толды. Әйелдер мен балаларды есептемегеннің өзінде төрт мың ер адам тамақтанған болатын. Бірақ Иса:— Оларға тамақты сендер беріңдер! — деп жауап қатты. Шәкірттері:— Онда біз барып, екі жүз күндік жалақыға нан сатып алып, бұларды тамақтандырайық па? — деп сұрады. Ал Иса оларға:— Қанша нандарың бар? Барып, қарап келіңдер! — деп тапсырды. Біліп келген олар:— Бес күлше нан мен екі кепкен балық бар екен, — деді. Сонда Иса шәкірттеріне адамдарды топ-топқа бөліп, көгалдың үстіне жайғастыруды тапсырды. Сонымен жұрт жүзден, елуден топтасып жайғасты. Иса бес күлше мен екі кепкен балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті. Нанды халыққа тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді, екі балықты да бәріне бөліп, үлестірді. Барлығы да жеп тойды. Соңында олар нан үзімдері мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда он екі себет толды. Ал тамақтанған ер адамдардың жалпы саны бес мыңдай еді. Шәкірттері:— Осы құлазыған айдалада бұларды тамақтандыруға жететін нанды қайдан табуға болады? — деп жауап берді. Иса:— Қанша нандарың бар? — деп сұрағанда, олар:— Жеті күлше, — деді. Сонда Иса жұртқа жерге жайғасуға бұйырды. Жеті күлшені қолына алып, шүкірлік етті. Оларды адамдарға тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне берді. Олар халыққа үлестірді. Бірнеше кепкен ұсақ балықтары да болды. Иса оларды да алып, шүкірлік етіп, жұртқа үлестіруге бұйырды. Осылай шамамен төрт мыңдай отбасы тамақтанып, тойып алды. Кейін қалдықтарды жинап алғанда, жеті үлкен себет толды. Соңынан Иса халықты таратып жіберді. Осылай шамамен төрт мыңдай отбасы тамақтанып, тойып алды. Кейін қалдықтарды жинап алғанда, жеті үлкен себет толды. Соңынан Иса халықты таратып жіберді.
Выбор основного перевода