Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Перғауын сендерге: «(Өздеріңді Құдай жібергендігін дәлелдейтін) керемет көрсетіңдер!» деп талап еткенде, сен, Мұса, Һаронға: «Таяғыңды перғауынның алдына қарай жерге лақтыр!» деп айт. Сонда таяқ жыланға айналмақ, — деді. Өзің таяғыңды ұстап, қолыңды теңіздің үстіне қарай соз. Сонда теңіз қақ айырылып, халық теңіз ортасынан құрғақ жермен өте шығады. Сол кезде Жаратқан Ие Ілиясқа құдіретті қолын тигізіп, оған күш-қуат сыйлады. Содан ол шапанының етегін белдігіне түріп алып, сонау Ізрелге дейінгі жол бойында Ахабтан бұрын жүгіріп отырды. Ілияс шапанын шешіп, орап алып, сонымен судың бетін ұрды. Өзеннің суы қақ айырылып, Еліше екеуі өзеннің арғы жағына құрғақ жермен өте шықты. Сонда ол Ілиястың шапанын қолына алып, онымен су бетін ұрып: «Ілиястың сиынған Құдайы Жаратқан Ие қазір қайда екен?» — деді. Еліше су бетін Ілияс істегендей ұрып қалған соң, су екі жаққа қақ айырылып, Еліше өзеннен өте шықты. Еліше пайғамбарлар шәкірттерінің біреуін шақырып алып, оған былай деп тапсырды: «Жолға дайындалып, қолыңа бір құты май ал да, Ғилақадтағы Рамот қаласына бар. Ақша салатын қалта, жолдорба, артық аяқкиім алмаңдар. Жолда біреуге сәлем береміз деп кідіріп те қалмаңдар. адамдар тіпті Пауылдың жұмысқа киген алжапқышын немесе беторамалын алып, науқастардың үстіне жапқанда, олар ауруларынан айығып, бойларын буған жындарынан құтылды.
Выбор основного перевода