Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң ол өлі баланың үстіне үш рет созылып жатып: — Уа, Құдайым Жаратқан Ие, мына баланы қайта тірілте гөр!» — деп сиынды. Еліше бұдан ертерек баласын өлімнен қайта тірілткен әйелге былай деп кеңес берген болатын: «Жаратқан Ие елге жеті жылға созылатын ашаршылық жіберетін болып шешті. Отбасыңызбен көшіп бара алатын жағыңызға көшіп барып, сонда уақытша тұрып келіңіздер». Гехәзи Елішенің өліп қалған баланы тірілткені туралы айтып отырған кезде, сол ұлдың шешесі үйі мен жері туралы патшаға өтінішпен келе қалды. Сонда Гехәзи: «Уа, патша ием, мен сізге жаңа ғана айтқан әйел, міне, осы! Ал мынау — Еліше қайта тірілткен оның ұлы!» деді. Пауыл төмен түсіп, жігіттің үстіне жата қалып, құшақтап: «Уайымдамаңдар, ол тірі!» — деді.
Выбор основного перевода