Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы кезде халдейлердің әскері Иерусалимді қоршап алған еді. Алайда Мысыр перғауынының әскерінің өз елінен шығып, Яһудаға қарай аттанғанын ести сала халдейлер Иерусалимді уақытша қалдырып кетті. Сонда Жаратқан Ие Еремия пайғамбарға сөзін арнап былай деді: «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: өздеріңді Менен кеңес сұрауға жіберіп отырған Яһуда патшасына былай деңдер: Перғауынның сендерге көмекке шыққан жасағы көп ұзамай өз елі Мысырға қайта оралады. Мысыр елі туралы мына сөз Мысыр патшасы Нехо перғауынның әскері жөнінде айтылды. Сол кезде бұл әскер Евфрат өзенінің жағасындағы Қаркеміш қаласының маңында тұрақтаған еді. Олар Жосия ұлы Жохақым Яһуда еліне патшалық құрған төртінші жылы сол төңіректе болған шайқаста Бабыл патшасы Набуходоносордың әскерінен жеңіліп қалды. Оларды жандарын алмақ болған Бабыл патшасы Набуходоносор мен оның нөкерлерінің қолдарына тапсырамын. Алайда кейінірек Мысыр қайтадан ежелгі замандағыдай халқы көп ел болады. — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
Выбор основного перевода