Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол себепті Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен Иерусалим қаласы мен Яһуда елін ғаламат пәлеге душар етемін. Сол туралы естіген адамның үрейі ұшып құлағы шыңылдайтын болады. Мен Самарияны және Ахабтың әулетін шынайы бағалап, әділдікпен соттағаным іспетті енді Иерусалимді де солай шынайы бағалап, әділдікпен соттаймын. Жұрттың табақты сүртіп, төңкеріп қоятынындай, Мен де Иерусалимдегі халықты түгелдей сыпырып тастаймын. Мен меншікті халқымнан тірі қалғандарын тастап кетіп, жауларының қолдарына тапсырамын. Барлық дұшпандары оларды тонап, олжалап алып кететін болады. Себебі Жаратқан Ие былай деп шешкен еді: «Мен Солтүстік Исраилді көз алдымнан аластатқанымдай, Яһуданы да дәл солай аластатамын. Өзім таңдап алған осы қала — Иерусалимді және Мен «осы жерде өз атымды орнатамын» деген киелі үйді елемей тастап кетемін». солтүстіктің барлық ұлттары мен тайпаларын және Менің еркімді іске асыратын Бабыл патшасы Набуходоносорды осы ел мен оның тұрғындарына және оның айналасындағы күллі халықтарға қарсы аттандырып алып келемін. Мен осы елдерді түгелдей қиратып тастаймын. Олар ұдайы қаңырап бос қалады, ал басқалар оларға қарап аңтарыла жандары түршігіп, ысқырып келекелейтін болады. Бірақ Бабыл патшасы Набуходоносор елге басып кіргенде біз халдейлер мен арамалықтардың әскерінен бас сауғалау үшін Иерусалимге келуді шештік. Осы себептен де қазір Иерусалимде тұрып жатырмыз.
Выбор основного перевода