Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Яһуда (елінің бұрынғы) патшасы Ехониях болса, ол Бабылға жер аударылып кеткеннен кейінгі отыз жетінші жылы Еуил-Меродах Бабыл еліне патшалық құра бастады. Жаңа патша сол жылдың он екінші айының жиырма жетінші күні Ехонияхты түрмеден шығарып, азат етті. Жыл басы — көктемде Бабыл патшасы Набуходоносор жауынгерлерін жіберіп, Ехониях патшаны Бабылға алдыртты. Әскер Ехонияхпен бірге Жаратқан Иенің киелі үйіндегі бағалы бұйымдарды да ала кетті.Бабыл патшасы Ехонияхтың орнына немере ағасы Седекияхты Яһуда мен Иерусалимнің үстінен патша етіп қойды. Жаратқан Ие маған бір көріністе інжір жемісіне толы екі себетті көрсетті. Себеттер Оның ғибадатханасының алдында тұр екен. Бұл Бабыл патшасы Набуходоносор Яһуда патшасы Жохақым ұлы Ехонияхты, елдің әміршілерін, қолөнершілері мен ұсталарын Иерусалимнен Бабыл еліне айдап алып кеткеннен кейін болды. Жосия ұлы Жохақымның Яһуда еліне патшалық құрған төртінші жылы Жаратқан Ие Еремияға бүкіл Яһуда халқы туралы сөзін арнап хабарын жіберді. Бұл Бабылға Набуходоносордың патшалық құрған бірінші жылы болатын. Набуходоносор Иерусалимнен Бабылға жер аударып әкеткен халықтың әлі де көзі тірі ақсақалдарына, діни қызметкерлері мен пайғамбарларына және бүкіл халыққа Еремия пайғамбар сәлемхатын жолдады. Ол бұл хатты Ехониях патша, оның шешесі, сарай қызметкерлері және Яһуда мен Иерусалимнің әміршілері, қолөнершілері мен ұсталары Иерусалимнен айдалып кеткеннен кейін жазды. Набуходоносор жер аударған халықтың жалпы саны: оның патшалық құрған жетінші жылы — үш мың жиырма үш яһудалық, Мына бас көтергіш халықтан: «Осы астарлы әңгіменің мағынасын түсінбейсіңдер ме?» деп сұра! Оларға мына хабарымды жеткіз: Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалимді басып алды да, қаланың патшасы мен әміршілерін Бабылға айдап әкетті.
Выбор основного перевода