Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біліп қойыңдар, Жаратқан Ие жерді ойрандап, құнарсыз қылмақ! Ол жер бетінің күл-талқанын шығарып, тұрғындарын шашыратып жібермек. Бірқазан мен кірпі оны иемденіп, үкі мен қарға сонда ұяларын салады. Құдай Едомның жерін тәптіштеп өлшеп, оны ретсіз, тіршіліксіз бос жатуға бағыштайды. Жаратқан Ие Сион шаһарыныңҚамалын да бұзуды жоспарлаған.Ол өлшеуіш жіп тартып, түгел құртамынДеп, қайтқан жоқ ойына алғанынан.Бар бекіністер мен қабырғаларданҚаладағы түк қалмады сондықтан. Ол маған тағы мына көріністі көрсетті: Жасаған Ие бір тік қабырғаның жанында тұр екен. Қолында тік бағытты көрсететін, ұшына бір кесек қорғасын байланған тіктеуіш жіп бар еді. Жаратқан Ие менен:— Не көріп тұрсың, Амос? — деп сұрады. Мен:— Тіктеуіш жіпті, — дедім. Сонда Жасаған Ие маған тіл қатып былай деді:— Мен тіктеуіш жіпті өз халқым Исраилдің ортасына орнатамын. Бұдан былай Мен олардың күнәларына шыдамдылық көрсетпеймін!
Выбор основного перевода