Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ахаб жалған тәңірлердің мүсіндеріне табынып өте жеркенішті қылық жасап жүрді. Осылай ол Жаратқан Ие баяғыда исраилдіктердің алдынан қуып жіберген аморлықтардың зұлым істеріне еліктеді. Осылай Манаса Яһуда халқын Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеуге еліктіріп күнәға батқан еді. Бұған қоса Манасаның жазықсыздан-жазықсыз төккен қанының көп болғаны сонша, Иерусалим бұ шетінен о шетіне дейін қанға толғандай болды. Алайда Манаса патша кезінде істеген күллі зұлым істерімен Жаратқан Иенің қаһарын тым қатты өршіткен болатын. Тіпті Жосияның істеген әділ істерінен кейін де Жаратқан Иенің Яһуда еліне қарсы лаулаған қаһары басыла қоймады. Бұл пәле, әрине, Манаса патшаның жасаған барлық күнәларының кесірінен Жаратқан Иенің еркімен Яһуданың басына түсті. Жаратқан Ие халықты Өзінің көз алдынан аластатпақ болды. Өйткені Манаса патша кезінде күнәға батып, әр түрлі зұлым істер істеген болатын. Оның үстіне Манаса жазықсыздан-жазықсыз қан төгіп, Иерусалимді кінәсіз төгілген қанға толтырды. Жаратқан Ие Манасаның осы жексұрын қылмыстарын кешіруді қаламады. Яһуданың патшасы Езекия ұлы Манасаның Иерусалимде істеген зұлым істері үшін Мен оларды жер бетіндегі барлық патшалықтардың алдында қорқынышты көрініс етемін.
Выбор основного перевода