Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде Ешуа: «Мына Иерихон қаласын қайта салуға кіріскен адамды Жаратқан Иенің қарғысы атады! Қала іргесін салғанда тұңғышынан, қақпасын тұрғызғанда кенжесінен айырылады», — деген теріс батаны жариялады. Ахаб патшалық құрып тұрған кезде бетелдік Хиел Иерихон қаласын қайта салды. Жаратқан Ие Нұн ұлы Ешуа арқылы алдын ала айтқандай, Хиел Иерихонның негізін салғанда тұңғыш ұлы Абирамнан, қаланың қақпаларын тұрғызғанда кіші ұлы Сегубтен айырылды. Ілияс Елішеге:— Қалшы осы жерде, Жаратқан Ие мені Бетелге жіберіп отыр, — деді. Бірақ Еліше:— Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында және сіздің алдыңызда шын айтамын: Мен сізді еш тастамаймын! — деп жауап қайтарды. Содан екеуі Бетелге ылдилап барды.
Выбор основного перевода