Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде пайғамбарлар шәкірттерінің біреуі Жаратқан Иенің сөзі бойынша қасындағы серігіне: «Мені ұрып-соқ!» — деп бұйырды. Бірақ серігі ұрудан бас тартты. Сол маңайда тұрып жатқан пайғамбарлар шәкірттері Елішенің қасына келіп:— Жаратқан Иенің бүгін өзіңнен қожайыныңды алып кететінін білесің бе? — деп сұрады. Еліше:— Әрине, білемін, бұл туралы тіс жармаңдар! — деп жауап қайтарды. Олар Иордан өзенінің жағасына жетіп тұрған кезде пайғамбарлар шәкірттерінің елуі келіп, біраз алысырақтан оларға қарап тұрды. Иерихоннан келген пайғамбарлар шәкірттері мұны көргенде: «Ілияста болған Рух Елішеге қонған екен!» — десті. Олар Елішенің алдына келіп, жерге дейін иіле тағзым етіп, Бірде пайғамбарлардың біреуінің әйелі Елішеге бас ұрып:— Мырза, менің күйеуім қайтыс болды, оның Жаратқан Иені терең қастерлеп өткенін өзіңіз білесіз. Ал енді, бізге қарыз берген адам екі ұлымды өзіне құл етіп әкетуге келіп отыр, — деді. Еліше Ғылғалға қайтып келгенде, сол жерді аштық жайлаған екен. Пайғамбарлардың шәкірттері оның алдында отырған кезде ол қызметшісіне: «Үлкен қазанды асып, мына адамдарға тамақ пісіріп бер!» — деді.
Выбор основного перевода