Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Енох Құдаймен тығыз байланыста жүрді. Кейін ол жер бетінен ғайып болды, себебі Құдай оны Өзіне алып кеткен еді. Енох Құдайға сенгені үшін ажалға жолықтырылмай бұ дүниеден әкетілді. «Ол жер бетінен ғайып болды, себебі Құдай оны Өзіне алып кеткен еді». Енохтың бұған дейінгі өмірінің Құдайға ұнамды болғаны туралы да Тауратта куәлік берілген. Ілияс жолға шығып, келе жатқанда Шапат ұлы Елішені он екі пар өгізбен жер жыртып жүрген жерінде кездестірді. Еліше ең соңғы он екінші парды айдап келе жатыр екен. Ілияс жақындап келіп, өз шапанын оның үстіне лақтырып жапты. Сонда Еліше өгіздерін тастап, Ілиястың артынан жүгіріп жетіп, оған:— Әке-шешеммен сүйісіп қоштасып келуге рұқсат етіңізші! Содан кейін сіздің соңыңыздан еремін, — деді. Ілияс:— Жарайды, барып кел! Өзіңе не істегенімді есіңнен шығарма! — деп ескертті. Еліше Ілиястан қайтып келіп, екі өгізді шалып, мойынтұрығы мен соқа-сайманын отын етіп жағып, соған етті пісіріп, жұртына үлестіріп берді, олар соны жеді. Содан кейін Еліше Ілиястың соңынан еріп кетті. Енді ол Ілиясқа қызмет ететін болды.
Выбор основного перевода