Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ахаз Жаратқан Иенің киелі үйінен, патшалық және әміршілердің сарайларынан құнды заттарды алып, алым-салық ретінде Ассур патшасына жіберген еді. Алайда онысынан түк шықпады. Жаратқан Ие мынаны айтады: «Дамаскінің халқы көптеген зұлым істер істеп келді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Олар (Исраилдің) Ғилақад аймағын темір астық бастырғышпен таптағандай аяусыз талқандады. Сол үшін Мен (Дамаск патшасы) Хазаилдің сарайына от жіберемін. Сол от (оның ұлы) Бен-Хададтың қорғандарын да жалмап қояды. Мен Дамаскінің қақпа ысырмаларын сындырып, Ауен аңғарының тағында отырғанды елінен аластатып қуып, Бет-Еденге билік жүргізушіні құртамын. Сонда Арама халқы тұтқындалып, (Бабыл еліндегі) Кир аймағына айдалып кететін болады». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Мен құрбандық үстелінің жанында тұрған Жасаған Иенің берген аянын көрдім. Ол маған тіл қатып былай деді: «Бағаналардың бастарын ұр, босағалары күйресін! Оларды халықтың үстіне құлат! Аман қалғандарын Өзім семсермен қырамын. Ешқайсысы қашып та кетпейді, ешқайсысы құтыла да алмайды.
Выбор основного перевода