Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ұрпақтарыңды (жалған тәңір) Молохқа құрбан етіп Құдайыңды қорлама! Мен Жаратқан Иемін. Сендер Құдайларың Жаратқан Иеге олардан үйренген жолдармен табынушы болмаңдар! Себебі сол халықтар жалған тәңірлеріне табынған кезде Жаратқан Иеге жексұрын да жиренішті нәрселердің әр түрін жасайды. Олар сол тәңірлеріне арнап тіпті ұл-қыздарын да құрбан етіп өртеп жібереді. Сендер Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе табыстап отырған елге енгенде, сондағы халықтардың істеп жүрген жиренішті салттарына еліктеп үйренбеңдер! Олар тіпті өз ұл-қыздарын отқа өртеп құрбан етіп, балгерлікпен және сиқыршылықпен де айналысты. Осылай исраилдіктер Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеуге салынып, Оның қаһарын туғызды. Манаса Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп жүрді. Осылайша ол Жаратқан Ие ежелде Исраил халқының алдынан елден қуып шыққан халықтардың жексұрын дәстүрлеріне еліктеді. Манаса тіпті өз ұлдарын жалған тәңірге арнап отқа өртеп құрбан етті. Патша балгерлікпен және сиқыршылықпен де айналысып, аруақтарды шақырушылар мен өзге де сәуегейлерден ақыл-кеңес сұрап отырды. Ол Жаратқан Иеге жек көрінішті көптеген істер істеп, Оның қаһарын өршітті. «Яһуда патшасы Манасаның жасаған жексұрын күнәлары өзінен бұрын осы елде тұрған аморлықтардан да асып кетті. Манаса Яһуданың халқын жалған тәңірлердің мүсіндеріне табындырып күнәға батырды. Өз ұл-қыздарын жын-перілерге арнады:Құрбандыққа шалып, ешбір аямады! Кінәсіз жандардың олар төкті қанын,Қанаханның пұттарына өз ұл-қыздарынҚұрбандыққа шалып, олардың қанын ұсынды,Сол қанмен Қанахан елін арамдады.
Выбор основного перевода