Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құрбандық үстелін кездесу шатырының кіреберісінің алдыңғы жағына орналастырт. Мұнан соң ол Тәңір Иенің жер бетіндегі тұрағы — кездесу шатырының кіреберісінің жанына құрбандық үстелін орнатқызды. Оның үстінде ол шалынған құрбандықтарды және астық тартуларын Жаратқан Иенің бұйырғанындай Оған арнап өртеп жіберді. Сол күні өртеліп ұсынылатын тартулар мен құрбандықтардың көп болғаны сонша, киелі үйдің алдындағы қола құрбандық үстелі олардың барлығын сыйғыза алмай қалды. Сондықтан патша Жаратқан Иенің киелі үйінің алдындағы ауланың ортаңғы бөлігіне ерекше тазарту рәсімін жасатып, оны да сол мақсатқа бағыштады. Осылай бұл жерде де толығымен өртелетін құрбандықтар, астық тартулары және ризашылық білдіру үшін шалынған құрбандықтардың майлы бөліктері өртеліп ұсынылды. Бұдан кейін Сүлеймен қоладан құрбандық үстелін жасатты. Оның ұзындығы мен ені жиырма шынтақтан, биіктігі он шынтақ болды.
Выбор основного перевода