Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кездерден бастап Жаратқан Ие Солтүстік Исраилдің жер көлемін қысқарта бастады. (Арамалық) Хазаил патша Солтүстік Исраилге оның бүкіл елі бойынша соққы беріп жүрді. Осылай Хазаил Иордан өзенінің шығысындағы Ғад, Рубен, Манаса руларының барлық жерлерін: оңтүстіктегі Арнон өзенінің бойындағы Арогер қаласынан бергі жерді әрі Ғилақад пен Башан аймақтарын түгелімен тартып алды. Содан соң ол тағы да: «Жебелерді ал!» — дегенде, патша жебелерді алды. Еліше оған: «Солармен жерді соққыла!» — деп тапсырды. Ол жерді үш рет соқты да, тоқтай қалды. Құдайдың пайғамбары бұған ашуланып: «Сен жерді бес немесе алты рет соғуың қажет еді! Сонда Арамаға соққы бергенде, оны толығымен талқандаған болар едің. Бірақ сен енді Арамаға тек үш рет қана соққы беретін боласың», — деді. Жоғас ұлы Еробоғам Солтүстік Исраилдің (шығыстағы) шекарасын Лебо-Хаматтан бастап оңтүстіктегі Өлі теңізге дейін қалпына келтірді. Бұл Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің өз қызметшісі — ғат-хеферлік Аматтай ұлы Жүніс пайғамбар арқылы алдын ала айтқан сөзіне сәйкес болды. Сол үшін Мен (Дамаск патшасы) Хазаилдің сарайына от жіберемін. Сол от (оның ұлы) Бен-Хададтың қорғандарын да жалмап қояды.
Выбор основного перевода