Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен үрім-бұтағыңды сансыз көбейтемін. Кім жер бетіндегі құм түйіршіктерін санай алса, оның сенің үрім-бұтағыңды да санай алғаны. Енді жолға жиналып, осы бүкіл елдің түкпір-түкпірін кезіп шық! Өйткені оны саған беремін». Зарлаған дауыстарын естігенде Құдай Өзінің Ыбырайым, Ысқақ, Жақыппен жасаған Келісімін рақыммен есіне алды. Осылай Құдай Исраил халқының мүшкіл халіне назар аударып, олардың қамдарын ойлады. Қызметшілерің Ыбырайым, Ысқақ, Исраилді есіңе түсіре гөр. Оларға: «Сендердің ұрпақтарыңды аспандағы жұлдыздардай сансыз көбейтіп, Өзім беруге уәде еткен осы жерді сыйлаймын, олар соны мәңгі иемденетін болады» деп өз атыңмен ант берген едің ғой. Жаратқан Ие Исраилдің есімін аспан астынан жоқ қылуды ұйғармағандықтан, елді Жоғас ұлы Еробоғам арқылы құтқарды. Сондықтан Жаратқан Ие Исраилдің бүкіл үрім-бұтағынан бас тартып, оларды түрлі пәлелерге ұшыратты. Халық Өзінің қасынан толығымен аластатылғанша, Жаратқан Ие оларды тонаушы басқыншылардың қолдарына тапсырды. Ақыры, Өзіне қызмет еткен бүкіл пайғамбарлары арқылы алдын ала ескерткендей, Жаратқан Ие оларды өз қасынан аластатты. Сонда Солтүстік Исраилдің халқы Ассур еліне жер аударылды. Олар күні бүгінге дейін сол жерде тұрып жатыр.
Выбор основного перевода