Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол іштей қауіптеніп жүріп: «Осы елдің патшалық билігі Дәуіттің әулетіне қайтып кетер ме екен. Егер халық Иерусалимге өрлеп барып, Жаратқан Иенің киелі үйінде құрбандық ұсынатын болса, онда көңілдері бұрынғы билеушісі — Яһуда патшасы Рохабоғамға ауатын шығар. Сонда олар мені өлтіріп, Рохабоғамға қайта оралып жүрер», — деді. Сол себепті патша кеңесіп алып, алтыннан екі жас бұқа мүсінін жасатып, халыққа: «Иерусалимге бару сендерге тым қиын ғой. Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірлерің осылар!» — деп жариялатты. Екі мүсіннің біреуін Бетел, екіншісін Дан қалаларында орнатқызды. Бұл ауыр күнәға түрткі болды. Себебі халық оларға сонау Данға дейін барып табына бастады. Еробоғам биіктеу жерлерде жалған тәңірлерге табынатын ғибадатханалар салғызып, Леуі руынан емес, кез келген адамды діни қызметкер етіп тағайындады. Еробоғам оның үстіне Яһудада жыл сайын тойланатын Күркелер мейрамына еліктеп, сегізінші айдың он бесінші күні жаңа бір мейрам өткізуді бекітті. Ол осы мейрам кезінде Бетелде өзі жасатқан жас бұқа мүсіндеріне арнап құрбандықтар ұсыну үшін ондағы құрбандық үстелінің қасына көтерілді. Патша салғызған табыну орындары үшін діни қызметкерлерін Бетелде тағайындады. Өз бетімен ойлап шығарған сегізінші айдың он бесінші күніндегі мейрамда патша Бетелде өзі салдыртқан құрбандық үстелінің қасына көтерілді. Осылайша ол халыққа өзі тағайындаған мейрам кезінде құрбандық үстелінде хош иісті заттар түтетіп ұсынды.
Выбор основного перевода