Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кісі өлтірме! Қолдарыңда барларыңнан Жаратқан Иеге арнап тарту беріңдер. Оған шын жүректен сый-тарту ұсынғысы келетіндер мыналарды алып келсін: алтын, күміс және қола, «Бас діни қызметкер Хелкияға бар да, халық Жаратқан Иенің киелі үйіне сый-тарту ретінде әкелген және қақпа сақшылары жинап тапсырған күмісті санап шықсын деп айт. Бұрын бағыштағаныма қоса, Құдайымның киелі үйін қатты сүйетіндігімнен өзімнің жеке қазынамдағы алтын-күмісті де Құдайымның осы киелі ғибадатханасына бағыштаймын. Олар — үш мың ат басындай опырлық алтын мен жеті мың ат басындай саф күміс. Осы алтын-күмісті ғимараттардың қабырғаларын қаптау үшін, қажетті алтын-күміс бұйымдарды жасап шығару үшін және қолөнершілер істейтін барлық басқа жұмыстарға арнаймын. Ал енді, өз еркімен Жаратқан Иеге сый-тарту жасағылары келетін тағы кімдер бар?» Сонда әулет басшылары, Исраилдің рубасылары, мыңбасылары, жүзбасылары және патшаның жұмыстарын басқарушылары ерікті тартуларын ұсынды. Олар Құдайдың киелі үйінің құрылысына арнап бес мың ат басындай алтын мен он мың алтын теңге, он мың ат басындай күміс, он сегіз мың ат басындай қола және жүз мың ат басындай темір бағыштады. Асыл тастары барлар соларын да Жаратқан Иенің киелі үйіне арналған қазына қоймасына, оның меңгерушісі Ехиелге әкеліп тапсырды. Ехиел Леуі руының Гершон әулетіне жататын. Халық өз басшыларының жомарттықпен сый-тартуларын бергендеріне қуанды. Олар бұларын ерікті түрде шын жүректен Жаратқан Иеге ұсынған болатын. Дәуіт патша да зор шаттыққа бөленді.
Выбор основного перевода