Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Хазаил:— Мырзам, неге жылайсыз? — деп сұрады. Еліше:— Өйткені мен сенің Исраил халқына қандай зұлымдықтар жасайтыныңды біліп отырмын. Сен Исраилдің бекіністі қалаларын өртеп, оның жас жігіттерін семсердің жүзімен қырасың, емшектегі сәбилерін жерге лақтырып өлтіресің, жүкті әйелдерінің іштерін жарасың! — деп жауап берді. Сол жылдың соңында Арама елінің әскері Жоғасқа қарсы аттанды. Олар Яһуда мен Иерусалимге басып кіріп, олардың халық арасындағы барлық басшыларын өлтірді. Жау әскері тонап алған олжаларының бәрін Дамаскідегі Арама патшасына жіберді. Яһудалықтар ата-бабаларының сиынған Құдайы — Жаратқан Иеден бас тартып кеткен еді. Сол себепті Арама әскері азғана адаммен аттанып келсе де, Жаратқан Ие Яһуданың өте үлкен әскерін олардың қолына тапсырды. Осылай жау Жаратқан Иенің Жоғас патшаға шығарған үкімін орындап шықты.
Выбор основного перевода