Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Арамалықтар кетіп қалған кезде Жоғас патша қатты жаралы болып жатты. Оның діни қызметкер Еходайдың ұлы Зәкәрияның қанын төккені үшін, өз нөкерлері оған қарсы астыртын сөз байласып, төсекте жатқан жерінде өлтіріп тастады. Жоғастың мәйіті Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды, бірақ патшалар зиратындағы қабірлердің біріне емес. Патшаға қарсы сөз байласқан нөкерлер аммондық әйел Шимеяттің ұлы Забад және моабтық әйел Шимриттің ұлы Ехозабад болды. Жоғастың ұлдары жайында, Жоғастың өзіне қарсы айтылған көптеген ауыр хабарлар жөнінде әрі оның Құдайдың киелі үйін нығайтып жөндегені туралы «Патшалар кітабына берілген түсіндірмелерде» жазулы тұр. Жоғастың ұлы Амасиях оның орнын басып, патша болды. Еробоғамның патшаға қарсы бас көтергенінің жайы мынау: сол кезде Сүлеймен патша әкесі Дәуіттің шаһарының айналасындағы саты тәрізді беткейді салдырып, шаһардың қамалындағы бір бұзылған жерін жөндеумен айналысып жүрген еді. Өзінің патшалық билігі берік орнатылғаннан кейін, Амасиях әкесі Жоғас патшаны өлтірген нөкерлерді өлімге кесті. Патшаның дұшпандары Иерусалимде оған қарсы астыртын сөз байласты. Содан патша Лахышқа қашып кетті. Бірақ олар артынан адам жіберіп, Амасияхты сол қалада өлтіртті.
Выбор основного перевода