Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Синай тауының басында Мұсаға арнаған сөзін бітіргеннен кейін оған өз қолымен Келісімнің ережелерін жазған екі тас тақташаны табыс етті. Самуил халыққа:— Жаратқан Иенің таңдаған адамын көріп тұрсыңдар ма? Халық арасында оған сай келетін ешкім жоқ! — деді. Сонда күллі халық:— Патша жасасын! — деп ұрандап айқай салды. Мен қасына барып, өлтіріп тастадым. Себебі құлап, ауыр жарақаттанған оның тірі қала алмайтынына көзім жетті. Содан мен басындағы тәжі мен білегіндегі алтын білезігін шештім. Уа, тақсыр ием, оларды осында өзіңізге алып келдім. Діни қызметкер Садық киелі шатырдан зәйтүн майына толған мүйіз құтыны алып келіп, Сүлейменге май жағу рәсімін жасап, оны патша етіп тағайындады. Кернейшілер керней тартып, сол жердегі күллі халық: «Сүлеймен патша жасасын!» — деп жар салды.
Выбор основного перевода