Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шешесі Аталия өз ұлы Охозияхтың өлгені туралы білген соң, Яһуда елінің патша тұқымына жататын басқалардың бәрін де өлтіруге әрекеттенді. Алайда Ехосабет Охозияхтың кенже ұлы Жоғасты өлімге бұйырылған патшазадалардың арасынан ұрлап алып кетіп, бөбекті оның бағушы әйелімен бірге ғибадатханадағы бір ұйықтайтын бөлмеге тығып қойды. Осы Ехосабет Жорам патшаның қызы, Охозиях марқұмның туған әпкесі және діни қызметкер Еходайдың әйелі болатын. Сондықтан ол немере інісі Жоғасты Аталиядан жасырып, өлімнен аман алып қалды. Аталия Яһуда еліне билік жүргізген алты жыл бойы патшазада Жоғас Ехосабеттің отбасында Құдайдың ғибадатханасында жасырынып қала берді. Сол кезде Охозияхтың жасы жиырма екіде еді. Ол Иерусалимде бір жыл билік жүргізді. Оның шешесі Солтүстік Исраилдің бұрынғы патшасы Омридың немере қызы Аталия еді.
Выбор основного перевода