Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сіз үшін Ливан тауларынан керекті ағаштарыңызды құлатып, бір-біріне байластырып сал жасап, теңіз арқылы Яффаға жеткізіп береміз. Әрі қарай Иерусалимге өзіңіз алып кетерсіз». Сондықтан халықтың басшылары тас қалаушылар мен ағаш шеберлеріне күміс беріп, жалдап алды. Басшылар сидондық және тирлік саудагерлермен Ливан тауларынан самырсын бөренелерін Жерорта теңізі арқылы Яффадағы кемежайға жеткізулері жайында келісті. Сол үшін саудагерлерді азық-түлік, шарап және зәйтүн майымен қамтамасыз етті. Себебі парсы патшасы оларға осылай істеуге рұқсат берген болатын. Яһуда мен Исраил елдері де өзіңмен саудаласатын. Тауарларыңа олардың беретіні — (Аммон елінен әкелінген) миниттік бидай, тәтті тағамдар, бал, зәйтүн майы және май дәрі болатын. Ол Тир мен Сидонның тұрғындарына қатты өшігіп алған еді. Екі қала өзара келісіп, өкілдерін жіберді. Бұлар патшаның уәзірі Бластты өздерін жақтауға көндіргеннен кейін: «Бітімге келейік», — деп өтінді. Себебі олардың аймағы патша елінен азық-түлік алып тұратын.
Выбор основного перевода