Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Күндерің тамамданып, ата-бабаларыңның қасына жөнелгеніңде Мен артыңнан бір ұрпағыңды: өз ұлдарыңның біреуін тағайындап, оның патшалық билігін нығайтамын. Менің есіміме арнап киелі үйді салатын сол болмақ. Оның патшалық тағын мәңгілікке орнатамын. Маған арнап киелі үйді салатын сол болмақ. Оның патшалық тағын мәңгілікке орнатамын. Менің есіміме арнап киелі үйді сол салады. Мен оған Әке, ал ол Менің рухани ұлым болады. Мен оның Исраил елінің үстінен патшалық құратын тағын мәңгілікке нығайтамын». Жаратқан Ие маған былай деді: «Өзіме арналған киелі үйді және оның аулаларын салатын ұлың Сүлеймен болмақ. Өйткені Мен оны Өзіме рухани ұл етіп таңдап алдым, ал Мен оған Әке боламын.
Выбор основного перевода