Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ ол Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Надаб әкесі Еробоғамның жолымен жүріп, ол сияқты Солтүстік Исраилді күнә жасауға еліктірді. Бағаса Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Ол Еробоғамның теріс жолымен жүріп, оған ұқсап күнәға батып, Исраил халқын да күнә жасауға еліктірді. Бұл оның жасаған күнәлары үшін осылай болды, себебі ол да Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп Еробоғамның теріс жолымен жүріп, оның жасаған күнәларына Исраил халқын да еліктірген еді. Сендер Омридың зұлым ережелерін, Ахабтың әулетінің барлық арам дәстүрлерін ұстанып, олардың көрсеткен жаман үлгілеріне еліктедіңдер. Сол себепті Мен қаланы күйретуге тастап, оның тұрғындарын масқаралап, басқаларға күлкі қыламын. Сонда сендер халықтардың табасына қаласыңдар».
Выбор основного перевода