Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Ханани ұлы Еху пайғамбар арқылы Бағасаның өзіне әрі оның әулетіне қарсы үкім шығарған еді. Бағаса Жаратқан Иенің көз алдында Еробоғамның әулеті іспетті зұлым істер істегені үшін, сондай-ақ, оның Еробоғамның әулетін құртқанына бола, оның өз ұрпақтары да Еробоғамның әулеті сияқты жойылатын болды. Себебі Бағаса өзінің іс-әрекеттерімен Жаратқан Иенің қаһарын туғызған еді. Сонда Ханани ұлы Еху атты пайғамбар оның алдынан шығып, былай деді: «Зұлым адамды қолдап, Жаратқан Иені жек көретіндерді жақсы көргеніңіз дұрыс па?! Осыны істегеніңіз арқылы өзіңізге қарсы Жаратқан Иенің қаһарын туғыздыңыз. Жосапаттың қалған іс-әрекеттері басынан аяғына дейін Ханани ұлы Еху пайғамбардың жылнамаларында баяндалған. Олар «Исраилдің патшаларының кітабына» енгізілген.
Выбор основного перевода