Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда пайғамбар Жаратқан Иенің өзіне бұйырған мына сөздерін құрбандық үстеліне қарсы қатты дауыстап айтты: «О, құрбандық үстелі, (жексұрын) құрбандық үстелі! Жаратқан Ие мынаны айтады: Дәуіттің әулетінен Жосия есімді біреу шығады. Қазір сенің үстіңде биіктеу жерлердегі табыну орындарының діни қызметкерлері құрбандықтар өртеп, хош иісті заттарды түтетіп жатыр. Бірақ Жосия осы діни қызметкерлердің өздерін сенің үстіңде құрбандық іспетті өртеп жібереді! Сонда үстіңде адамның сүйектері өртелетін болады! — Кейін Омри Шемер деген біреуден Самариядағы қыратты екі ат басындай күміске сатып алды. Патша қыратты айналдыра қамал салып, ішіне жаңа қала тұрғызды. Ол қаланы қыраттың бұрынғы иесі Шемердің есімімен Шомрун яки Самария деп атады. Жосия айналасына қарағанда, төбе беткейіндегі қабірлерді көрді. Содан ол адамдарын жіберіп, қабірлерге қойылған діни қызметкерлердің сүйектерін шығартып алып, сол құрбандық үстелінің үстінде өртетті. Бұл баяғыда Жаратқан Иенің хабарын жеткізген Құдайдың пайғамбарының алдын ала айтқандарына сәйкес болды. Бұдан кейін Жосия патша:— Анау тұрған қандай ескерткіш тас? — деп сұрады. Сонда қаланың адамдары:— Бұл — Яһудадан келген Құдайдың пайғамбарының қабірі. Сол пайғамбар ежелде-ақ өзіңіздің Бетелдегі мына құрбандық орнына қарсы бүгін істегендеріңіз туралы алдын ала дауыстап жариялап кеткен болатын, — деп жауап берді. Патша:— Ендеше оған тиіспеңдер! Оның сүйегін ешкім қозғамасын! — деп әмір етті. Осылайша оның және Самариядан келген пайғамбардың сүйектеріне ешбір қол тимеді. Жосия Бетелде істегендей, Солтүстік Исраилдің басқа қалаларының биіктеу жерлеріндегі барлық киелі үйлерді де қиратып тастады. Себебі Солтүстік Исраилдің патшалары соларды тұрғызулары арқылы Жаратқан Иенің қаһарын туғызған еді.
Выбор основного перевода