Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Еробоғам оның үстіне Яһудада жыл сайын тойланатын Күркелер мейрамына еліктеп, сегізінші айдың он бесінші күні жаңа бір мейрам өткізуді бекітті. Ол осы мейрам кезінде Бетелде өзі жасатқан жас бұқа мүсіндеріне арнап құрбандықтар ұсыну үшін ондағы құрбандық үстелінің қасына көтерілді. Патша салғызған табыну орындары үшін діни қызметкерлерін Бетелде тағайындады. Өз бетімен ойлап шығарған сегізінші айдың он бесінші күніндегі мейрамда патша Бетелде өзі салдыртқан құрбандық үстелінің қасына көтерілді. Осылайша ол халыққа өзі тағайындаған мейрам кезінде құрбандық үстелінде хош иісті заттар түтетіп ұсынды. Бұдан кейін Жосия патша:— Анау тұрған қандай ескерткіш тас? — деп сұрады. Сонда қаланың адамдары:— Бұл — Яһудадан келген Құдайдың пайғамбарының қабірі. Сол пайғамбар ежелде-ақ өзіңіздің Бетелдегі мына құрбандық орнына қарсы бүгін істегендеріңіз туралы алдын ала дауыстап жариялап кеткен болатын, — деп жауап берді.
Выбор основного перевода