Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Ағайындарың — арғы атаңнан шыққан Леуі руын қасыңа қосып ал. Олар өздеріңмен бірге болып, сендерге қызмет етсін. Бірақ Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырдың алдында қызметті тек өзің және ұрпақтарың ғана атқаратын боласыңдар. Дәуіт леуіліктерді Герсон, Қахат және Мераридің ұрпақтары бойынша топ-топқа бөліп те қойды. Жоғас Яһуда елінің патшасы болған кезде жасы жетіде еді. Ол Иерусалимде қырық жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні бер-шебалық Сибия болатын. Амасиях патша болған кезде оның жасы жиырма бесте еді. Ол Иерусалимде жиырма тоғыз жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні иерусалимдік Ехоғадан еді. Яһуданың бүкіл халқы он алты жасар патшазада Ұзияхты әкесі Амасияхтың орнына патша етіп тағайындады. Леуіліктердің топ жетекшілері: Хашабиях, Шеребиях, Қадмиел ұлы Ешуа. Мадақтау мен шүкірлік ән-жырларын айтқанда олардың қарсысында өздерінің ағайындары тұрады. Құдайдың таңдаған адамы Дәуіттің қалдырған нұсқауларына сәйкес, осы екі топ кезектесіп ән-жыр айтып тұратын болуы керек. Олар Ехосадық немересі Ешуа ұлы Жохақым, аймақ әкімі Нехемия және діни қызметкер әрі дін мұғалімі Езра қызмет етіп жүрген осы кезде міндеттерін атқаруда.
Выбор основного перевода