Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Сендер қуана той тойлағанда, белгіленген мейрамдарыңды өткізген уақыттарыңда, әр айдың бірінші күні, түгелдей өртелетін және Жаратқан Иемен қарым-қатынастарыңа ризашылық білдіретін құрбандықтарыңды ұсынған кездеріңде де, кернейлеріңді тартыңдар! Сонда Мен сендерді ерекше ескеретін боламын. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін». Дәуіт леуіліктердің басшыларына руластарының арасынан шертер, жетіген, сылдырмақ сияқты аспаптардың сүйемелдеуімен қуанышты ән-жыр айтатын әнші-күйшілерді тағайындауды тапсырды. Сонда олар Жоел ұлы Хеманды оның мына руластарымен бірге тағайындады: Барақиях ұлы Асаф және Мераридің ұрпақтарынан Құшаях ұлы Етан. Солармен бірге дәрежелері өздерінен кейінгі Зәкәрия, Бен, Язиел, Шемирамот, Ехиел, Унни, Елияп, Бенаях, Мағасиях, Мататия, Елифелеу, Мікней, Ғабит-Едом, Еиел есімді қақпа күзетшілері де белгіленді. Хеман, Асаф, Етан есімді әнші-күйшілер қола сылдырмақтарды соғып тұруға тағайындалды. Зәкәрия, Әзиел, Шемирамот, Ехиел, Унни, Елияп, Мағасиях, Бенаях есімді леуіліктерге «бойжеткендер» әуені бойынша шертер тартып тұру, ал Мататия, Елифелеу, Мікней, Ғабит-Едом, Еиел, Азазиях есімді леуіліктерге ән-күйді бастап сегіз ішекті жетіген тартып тұру міндеті жүктелді. Ақ бәтестен тігілген киім киіп алып, құрбандық үстелінің шығыс жағында тұрған барлық леуілік әнші-күйшілер: Асап, Хеман және Едутун өз ұлдары және бауырластарымен бірге даңғыра, жетіген мен шертерде ойнап, жүз жиырма діни қызметкер де кернейлерін тартып жатты.
Выбор основного перевода