Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Саф алтыннан шам қойғыш та жасат. Оның тұғыры мен діңгегі, мүсінделген тармақтары, гүл тостағаншалары, қауыздары және бүршіктері түгел біртұтас алтыннан балғамен соғылып жасалсын. Діңгегінен екі жағына үш-үштен алты тармақ шығуы керек. Әр тармақта шар тәрізді үш бүршіктен тараған, қауыздарын ашқан үш алтын бадам гүлінен болсын. Ал ортадағы діңгекте дәл осындай төрт алтын бадам гүлі болуы керек. Әр тармақта шар тәрізді үш бүршіктен тараған, қауыздарын ашқан үш алтын бадам гүлінен болсын. Ал ортадағы діңгекте дәл осындай төрт алтын бадам гүлі болуы керек. Бұл гүлдердің бүршіктері екі жаққа созылған үш жұп тармақтың діңгектен шыққан жерлерінің астыңғы жағында орналассын. Тармақтарымен, бүршіктерімен бірге шам қойғыш түгелдей біртұтас саф алтыннан балғамен соғылып жасалсын. Шам қойғышқа жеті май шамын дайындатып, оларды жарығы алдыңғы жағына түсіп тұратын етіп діңгек пен тармақтардың бастарына орнат. Оның білте түзеткіштері мен табақшаларын да саф алтыннан жасат. Шам қойғыш пен қажетті құрал-жабдықтары үшін бір ат басындай саф алтын жұмсалсын. Байқа, барлығын саған осы тау басында көрсетілген үлгіге сай жасайтын бол! ең қасиетті бөлменің алдында оның оң және сол жағында бес-бестен шам қойғыштар, гүл іспетті әшекейлер, шырақтар және қысқаштар. Осы соңғылар саф алтыннан жасалды. саф алтыннан жасалған шам қойғыштар мен олардың май шамдары — бұлар Мұса пайғамбарға ежелде берілген ереже бойынша ең қасиетті бөлменің алдында жанып тұруға тиіс болатын —
Выбор основного перевода