Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Жорам көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті олардың жанына Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Оның ұлы Охозиях орнын басып патша болды. Солтүстік Исраилдің патшасы Ахаб ұлы Жорамның патшалық құрған он екінші жылы Яһуда елінің патшасы Жорамның ұлы Охозиях патшалық құра бастады. Сол кезде Охозияхтың жасы жиырма екіде еді. Ол Иерусалимде бір жыл билік жүргізді. Оның шешесі Солтүстік Исраилдің бұрынғы патшасы Омридың немере қызы Аталия еді. Охозиях Ахабтың әулетінің азғын жолымен жүріп, Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Себебі оның нағашылары сол әулеттен болып (оны теріс жолға тайдырды). Охозиях Ахаб ұлы Жорамға еріп Арама патшасы Хазаилмен соғысуға Ғилақадтағы Рамотқа аттанды. Арамалықтар шайқаста Жорамды жарақаттады. Жорам жарақаттарынан емделіп жазылу үшін Ізрел қаласына қайта оралды. Сондықтан Яһуда патшасы Охозиях Жорамның халін сұрап қайтпаққа Ізрелге ылдилап барды. Мұнан кейін Жаратқан Ие Жорамға қарсы філістірлердің және құштықтармен шекараласқан арабтардың ашу-ызасын туғызды. Олар Яһудаға шабуыл жасап, елге басып кірді де, патшаның сарайынан тапқан қымбат дүние-мүліктің бәрін де, оның балалары мен әйелдерін де алып кетті. Тек Жорамның Охозиях есімді кенже ұлы ғана өзінде қалды.
Выбор основного перевода