Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Сонда Жаратқан Ие Ханани ұлы Еху пайғамбарға сөзін арнап, оған Бағасаны айыптап былай дегізді: Сол кезде Ханани пайғамбар Яһуда патшасы Асаға барып, оған былай деді: «Сіз Құдайыңыз Жаратқан Иеге емес, Арама елінің патшасына сенім арттыңыз. Сондықтан Арама патшасының әскері сіздің қолыңыздан құтылып кетті, ал сіз оны өзіңізге бағындыру мүмкіндігінен айырылып қалдыңыз. Осылай Яһуда патшасы Жосапат мол байлық пен зор атақ-даңқты иемденді. Алайда ол (соған қанағаттанбай, Солтүстік Исраилдің зұлым патшасы) Ахабпен одақтасып, құдандалы болды. Біраз жыл өткен соң Жосапат сапарға шығып, Ахабтың астанасы Самарияға қонаққа барды. Ахаб Жосапат патшаның және оған еріп келген нөкерлерінің құрметіне көп қылып ұсақ және мүйізді ірі қара мал сойып, той жасады. Ахаб Жосапатты Ғилақад аймағындағы Рамот қаласына бірігіп аттанып, шабуыл жасауға еліктірмек болды. Содан Ахаб Жосапатқа:— Менімен бірге Ғилақадтағы Рамот қаласына аттанасыз ба? — деген сауал қойды. Жосапат Ахабқа:— Өзім де, халқым да сіздің құзырыңыздамыз. Сізбен бірге соғысқа аттанамыз, — деп жауап берді. Жосапаттың қалған іс-әрекеттері басынан аяғына дейін Ханани ұлы Еху пайғамбардың жылнамаларында баяндалған. Олар «Исраилдің патшаларының кітабына» енгізілген. Ал марешалық Додауа ұлы Елиезер Жосапатқа Құдайдың хабарын жеткізіп: «Сіздің Охозияхпен одақтасқаныңызға бола Жаратқан Ие осы ісіңізді құртатын болады!» — деді. Содан кемелер апатқа ұшырап, алыс сапарға шыға алмай қалды.
Выбор основного перевода