Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Бүкіл Исраил халқына тәлім беріп келген, Жаратқан Иенің қызметіне бағышталып, тазару рәсімінен өткен леуіліктерге патша мына нұсқауларды берді: «Киелі Келісім сандығын Исраилдің патшасы Дәуіт ұлы Сүлеймен салған киелі үйде қалдырып, оны (ежелдегідей) иықтарыңда көтеріп алып жүрмейсіңдер ғой. Сондықтан Құдайларың Жаратқан Иеге және Оның халқы Исраилге былайша қызмет ете беріңдер: Сен, Езра, Құдайыңның өзіңе берген ақыл-даналығымен Батыс Евфрат өлкесіндегі халықтың арасында пайда болатын дау-жанжалдарды шешетін, өзің сиынатын Құдайдың заңдарын білетін барлық әкімдер мен төрешілерді тағайында. Ал Оның заңдарын білмейтіндері болса, оларға өзің үйрет. Ұзақ уақыт бойы Исраил халқы шынайы Құдайдан алыс жүрді. Олардың тәлім беретін діни қызметкері де, Таурат заңы да болған жоқ.
Выбор основного перевода