Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Бұдан кейін ол өзіне қызмет жасап жүрген дәрігерлерге әкесінің денесіне май дәрі жағып бальзамдауға бұйырды. Олар Исраилдің мәйітіне қырық күн бойы хош иісті май дәрілер жақты, Біраз уақыттан кейін, толық екі жыл өткенде, оның ішектері түгелімен денесінің сыртына шығып, ол қатты қиналып жан тапсырды. Оның ата-бабалары қабірге қойылған кезде олардың құрметіне от жағу рәсімі жасалатын. Бірақ Жорамның құрметіне сол рәсім жасалған жоқ. өз ажалыңнан өлесің. Бұрын Яһудада патша болған ата-бабаларың қайтыс болғанда олардың құрметіне (хош иісті заттар түтетіліп) от жағылғанындай, сенің құрметіңе де сондай от жағылып, «Беу, тақсырымыз-ай!» деп жұрт сені жоқтап қайғыратын болады. Мен саған осыны бұйырттым». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Сенбі күні өткеннен кейін мағдалалық Мәриям, Жақыптың шешесі Мәриям және Салома Исаның сүйегіне май жағу салтын орындай алу үшін иісмайлар сатып алды. Нікөдем де сол жерге келді. Ол мәйітке жағатын мүр мен алоэ шайырының жүз қадақтай қоспасын әкелді. Нікөдем бұрын бір кезде түн ішінде Исаға келіп кеткен болатын. Екеуі яһуди халқының дәстүрлі салты бойынша мәйітке осы хош иісті қоспадан сала отырып, оны бәтес орауышқа орады.
Выбор основного перевода