Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Сендердің жалған тәңірлерге табынатын биіктеу жерлердегі орындарыңды қиратамын, оларға арнап хош иісті зат түтететін үстелдеріңді талқандаймын. Өздеріңнің өліктеріңді өлі тәңірлеріңнің сынған мүсіндерінің үстіне үйіп тастап, сендерден әбден жиренетін боламын. Жосияның қызметкерлері оның бақылауымен Бағалға арналған құрбандық үстелдерін қиратып, солардың үстерінде орналасқан хош иісті заттар түтетілетін тұғырларды да талқандады. Олар Ашераға арналған бағаналарды және ойылып не құйылып жасалған тәңірсымақ мүсіндерін күлпарша қылып қиратып, соларға арнап құрбандық ұсынғандардың қабірлерінің үстіне шашып тастады. жалған тәңірлерге арналған құрбандық үстелдерін, бағаналар мен мүсіндерді құлатып, күлпаршасын шығарып, хош иісті заттар түтетіліп ұсынылатын үстелдерді де талқандады. Мұны бүкіл Исраил елінде істеп болған соң патша Иерусалимге қайта оралды. Сендердегі құрбандық үстелдері қиратылып, хош иісті заттарды түтету үстелдері де жермен-жексен болады! Мен халқыңды қырып, жексұрын тәңір мүсіндеріңнің алдына сұлатып тастаймын. Мекендеп келген жерлеріңнің бәріндегі қалалар бос қалып, биіктеу орындарың талқандалмақ. Құрбандық үстелдерің құлатылып, қаңырап қалады. Жалған тәңір мүсіндерің паршаланып құртылады, хош иісті заттарды түтету үстелдерің қиратылып жойылады. Өз қолдарыңмен жасап алған солардың бәрі де құрып жоқ болады.
Выбор основного перевода