Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Олар бұдан былай Жаратқан Иеге опасыздық жасап, теке кейпіндегі жалған тәңірлерге құлшылық етпесін, әрі соларға ешбір құрбандықтарын ұсынбасын! Бұл — олардың өздері үшін де, келер ұрпақтары үшін де тұрақты ереже. Сол себепті патша кеңесіп алып, алтыннан екі жас бұқа мүсінін жасатып, халыққа: «Иерусалимге бару сендерге тым қиын ғой. Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірлерің осылар!» — деп жариялатты. Екі мүсіннің біреуін Бетел, екіншісін Дан қалаларында орнатқызды. Бұл ауыр күнәға түрткі болды. Себебі халық оларға сонау Данға дейін барып табына бастады. Еробоғам биіктеу жерлерде жалған тәңірлерге табынатын ғибадатханалар салғызып, Леуі руынан емес, кез келген адамды діни қызметкер етіп тағайындады. Еробоғам оның үстіне Яһудада жыл сайын тойланатын Күркелер мейрамына еліктеп, сегізінші айдың он бесінші күні жаңа бір мейрам өткізуді бекітті. Ол осы мейрам кезінде Бетелде өзі жасатқан жас бұқа мүсіндеріне арнап құрбандықтар ұсыну үшін ондағы құрбандық үстелінің қасына көтерілді. Патша салғызған табыну орындары үшін діни қызметкерлерін Бетелде тағайындады. Өз бетімен ойлап шығарған сегізінші айдың он бесінші күніндегі мейрамда патша Бетелде өзі салдыртқан құрбандық үстелінің қасына көтерілді. Осылайша ол халыққа өзі тағайындаған мейрам кезінде құрбандық үстелінде хош иісті заттар түтетіп ұсынды. Алайда осы оқиғадан кейін де Еробоғам зұлым жолынан қайтпады. Керісінше, ол жалған тәңірлерге арналған ғибадат орындарына тағы көбірек діни қызметкерлер тағайындады. Осылай ол діни қызметкер болғысы келген кез келген адамды тағайындай берді. Ал Жаратқан Иенің Һароннан тараған діни қызметкерлерін және леуіліктерді сендер өз араларыңнан қуып жібердіңдер ғой. Олардың орнына басқа халықтар сияқты діни қызметкерлеріңді өздерің тағайындап қойдыңдар. Кімде-кім бағышталу рәсіміне бір тана мен жеті қошқарды алып келсе, болды, әлгі адам сол жалған тәңірлеріңнің діни қызметкері болып шыға келеді.
Выбор основного перевода