Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Ешуаға тіл қатып былай деді: «Олардан қорқушы болма! Ертең осы уақытта Мен Өзім осылардың барлығын Исраилдің алдында қырып-жоямын. Олардың аттарының тілерсектерін қиып, соғыс күймелерін өртеп жібер!» Ешуа Жаратқан Иенің айтқанын жүзеге асырып олардың аттарының тілерсектерін қиып, соғыс күймелерін өртеп жіберді. Бірақ әкесінің жасақты антпен байлап қойғаны туралы естімеген Жонатан қолындағы таяғының ұшын балауызға тығып алып, біраз бал жеді. Сонда ол біршама әлденіп, көздері жайнап шыға келді. Аммондықтар Дәуітті өздеріне қарсы өшіктіріп алғанын ұғынды. Сондықтан олар өкілдерін жұмсап, арамалықтардың Бет-Рехоб және Соба деген екі патшалығынан жиырма мың, Маханың патшасынан тағы бір мың әрі Тобтың адамдарынан он екі мың жаяу жасақшысын жалдап алды. Арамалықтар өздерінің исраилдіктерден жеңілгенін көріп, бәрі бір жерге жиналды. Ададәзер Евфрат өзенінің ар жағына елшілерін жұмсап, онда тұратын арамалық жасақшыларды шақырды. Олар (Ғилақад аймағындағы) Хеламға жетіп, (Арама патшасы) Ададәзердің әскербасы Шобақтың қол астына кірді. Дәуіт бұл туралы біле сала, Исраилдің бүкіл жасағын жинап алды. Содан Иордан өзенін кесіп өтіп, Хеламға аттанды. Арамалықтар Дәуітпен шайқасу үшін жасақшыларын сапқа тұрғызып, лап қойды. Бірақ олар қайтадан Исраилдің жасағынан шегініп, қаша жөнелді. Дәуіттің сарбаздары олардың жеті жүз соғыс күймесінің айдаушыларын және қырық мың жаяу әскерін мерт қылды. Арамалық қолбасшы Шобақ та шайқаста ауыр жарақаттанып, сол жерде қаза тапты. Ададәзерге бағынышты барлық патшалар өздерінің Исраилден жеңілгендерін көргенде, Исраилмен бітім жасасып, оған мойынсұнатын болды. Арамалықтардың енді қайтып аммондықтарға көмектесуге батылдары бармады. Құдай Сүлейменге тағы басқа бір дұшпанын шығарды. Ол қожайыны — Соба патшасы Адад-Әзерден қашып кеткен Әлияда ұлы Резон болатын. Дәуіт Собаның әскеріне күйрете соққы бергеннен кейін, Резон қасына адамдар жинап, сарбаздар тобының басшысы болды. Олар Дамаскіге аттанып, сонда орнығып, Резонды Дамаскіде патша етіп қойды. Кейін Резон бүкіл Арама еліне патшалық құрып, Исраилдің қарсыласы болды.Хадад пен Резон екеуі Сүлейменнің тұсында Исраилдің жауы болып, оған көп қиыншылықтар туғызды.
Выбор основного перевода