Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Иеміздің жауабы мынау болды:«Сенің ішіңде екі тайпа жатыр,Құрсағыңнан екі ұлт тарамақ.Біреуі екіншісінен күштірек болып,Ағасы інісінің қызметшісі болмақ». Саған ұлттар қызмет жасай берсін,Һәм халықтар бас иетін болсын!Сен билейтін бол бауырларыңды,Саған бағынсын анаңның ұлдары!Сені қарғайтындарды қарғыс атсын,Ал батасын беретіндер жарылқансын!» Ысқақ:— Мен оны саған билеуші етіп, барлық бауырларының бәрін өзіне қызметші қылып бердім. Оны мол астық пен жүзім шырынымен қамтамасыз еттім. Ұлым, мен енді сен үшін не істей аламын? — деп жауап берді. Семсеріңе сүйене өмір сүресің,Әрі бауырыңа мойынсұнып жүресің.Бірақ жұлқынып қарсы шыққан уақытыңЖеткенде мойныңдағы езгісінен оныңБосап, құтылып кететін боласың». «Мадияндықтарға қарсы шығып, олардың көздерін жойыңдар! Себебі олар Пеғорда сендерді жалған тәңірге табынуға азғырулары және өздерінің қарындасы — мадияндық әулет басының қызы Хазба арқылы сендерге қулық-сұмдықпен жәбір көрсетті. Сол Хазба Пеғордағы оқиға үшін болған індет кезінде өлтірілді». Содан Дәуіт Дамаск қаласы мен оның айналасына өз қарауылдарын орналастырды. Осылай арамалықтар Дәуітке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтін болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды. Ертеректе Дәуіт Едом халқымен соғысқан кезде әскер қолбасшысы Жоғаб қаза тапқандарды қабірге қою үшін сонда барғанда, едомдық ер адамдарды жаппай қырып-жойған болатын.
Выбор основного перевода