Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Амасаға мынаны айтыңыздар: Сен менің қандас туысымсың ғой! Жоғабтың орнына сені бүгіннен бастап болашақта да әскерімнің қолбасшысы болуға тағайындамасам, Құдай мені жазалаған үстіне жазалай берсін!» Жоғаб Амасаға: «Амансың ба, бауырым?» — деп, оны бетінен сүю үшін оң қолымен сақалынан ұстап алды. Амаса Жоғабтың сол қолындағы семсерді байқамады. Сонда Жоғаб семсерін оның ішіне сұғып қалып, ішек-қарны жерге ақтарылып түсті. Жоғаб Амасаны екінші рет соқпай-ақ, өлімші етіп жарақаттады.Бұдан кейін Жоғаб пен оның інісі Әбішай бүлікшіл Шебаның соңынан қуып кетті. Осы кезде Жоғабтың жас жігіттерінің бірі Амасаның жанында тұрып, «Кімде-кім Жоғабты қолдаса әрі Дәуітті жақтаса, сол Жоғабтың соңынан ерсін!» — деді. Ал Амаса әлі де жол ортасында жанталаса дөңбекшіп өз қанына былғанып жатқан болатын. Жаңағы жас жігіт барлық жасақшылардың Амасаның жанында тоқтап жатқанын байқағанда, оны жолдан сүйреп, егістікке шығарып, үстін жамылғымен жауып тастады. Ал тағы айтарым мынау: Сарұяның ұлы Жоғабтың маған не істегенін өзің білесің. Ол Исраилдің екі қолбасшысын: Нер ұлы Әбенир мен Етер ұлы Амасаны өлтірді. Сонда Жоғаб шайқаста төгілген қанның кегін бейбіт кезде қайтарды. Ол осылай қастандықпен қан төгіп, беліне таққан белбеуін, аяғына киген аяқкиімін былғап арамданды. Жоғаб және қасындағылар Асахилдің мәйітін әкесінің Бетлехемдегі қабіріне қойды. Содан соң Жоғаб пен оның адамдары түні бойы жол жүріп, таң атқанда Хебронға жетті. Есейдің ұлдары: тұңғышы Елияп, екіншісі Абинадап, үшіншісі Шаммах, Есейдің қыздары: Сарұя, Әбигел. Сарұяның үш ұлы: Әбішай, Жоғаб, Асахил. Әбигел ысмағұлдық Етерге күйеуге шығып, Амасаны туды.
Выбор основного перевода