Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Патша Рахабқа: «Сенің үйіңе келген адамдар — бүкіл елді барлауға келген тыңшылар. Оларды алып шық!» — деген бұйрық жіберді. Бірақ сол әйел ана екі кісіні жасырып тастаған еді. Патшаның адамдарына ол: «Иә, бірер кісінің келіп-кеткені рас, бірақ олардың қайдан екенін білмедім. Қас қарайып, қақпа жабылайын деп жатқанда олар шығып кетті. Қайда баратындарынан хабарсызбын. Тездетіп арттарына түссеңіздер, әлі де қуып жетерсіздер», — деді. оны терезеден төмен түсіріп жіберді. Осылай Дәуіт қашып құтылып кетті. Михол бір мүсінді алып, төсекке жатқызып, үстін жамылғымен жапты да, бас жағына ешкі жүнінен тоқылған перде қойды. Саулдың Дәуітті қолға түсіру үшін жіберген сарбаздарына ол: «Дәуіт ауырып жатыр», — деді. Сонда Саул адамдарын Дәуіттің өзін көруге жіберіп, оларға: «Оны төсегімен бірге көтеріп алып келіңдер, мен көзін жоямын!» — деп бұйырды. Олар үйге кіріп, қараса — төсекте жатқан жай ғана мүсін, бас жағында жатқан ешкі жүнінен тоқылған перде екен! Саул Михолға:— Мені неге соншама алдап, жауымды қашырып жібердің? — деп зекігенде, қызы былай деп жауап берді:— Ол: «Мені жібер! Әлде сені өлтірейін бе?» деп тұрып алды.
Выбор основного перевода