Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан шекара Ахор аңғарынан Дебирге көтеріліп, солтүстікке қарай Ғылғалға бұрылады. Ғылғал тасқынды аңғардың оңтүстік жағындағы Адумим асуына қарама-қарсы орналасқан. Осыдан шекара Ен-Шәміш бұлағына дейін созылып, Ен-Рогелге жетеді. Рефаим аңғарының солтүстігіндегі Бен-Хенном аңғарының қарсысындағы төбенің етегіне қарай түседі. Содан шекара Бен-Хенном аңғарының бойымен төмендеп, Гибеядағы ебустіктердің (қаласының) оңтүстік беткейіне өтіп, Ен-Рогелге дейін төмендейді. Патша діни қызметкер Садыққа тағы былай деді: — (Осылай дұрыс екенін) көресіз бе? Өзіңіз және Абиятар екеуіңіз де ұлдарыңызды ертіп алып, аман-есен қалаға қайта оралыңыздар! Садықтың Ахимағас және Абиятардың Жонатан есімді ұлдары өздерінің қастарында. Естіген жаңалықтарыңның бәрін солар арқылы маған жеткізіп тұр».
Выбор основного перевода