Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Патша бетін жауып алып, дауыстап: «Беу, сорлы ұлым Абессалом, о, Абессалом, сорлы ұлым-ай!» — деп дауыстап жоқтаумен болды. Бұдан соң Мардохай патша сарайының қақпасына қайтты. Ал Хаман қатты түңіліп бетін бүркеп алып үйіне асығып барды да, Олар еңіреп жүріп тұқымдарынСеуіп тастайды егістік жерлеріне,Кейін құшақтап алып астық бауларынҚуана қайтады мекендеріне. Жаратқан Ие Амос ұлы Ишаяға тіл қатып былай деді: «Азалы киіміңді және аяқкиіміңді шешіп таста!» — Ишая солай істеп, сырт киімсіз жалаң аяқ жүрді. Кейін Жаратқан Ие осы тапсырмасын былай деп түсіндірді: «Менің қызметшім Ишая үш жыл бойы сырт киімсіз, жалаң аяқ жүрді. Бұл — Мысыр мен Құш елдерінің басына түсетін азапты жайды алдын ала білдірген белгі. Ассур патшасы сол кезде Мысыр мен Құштан тұтқындағандарын осылайша айдап әкетеді. Жасы бар, кәрісі бар, олар сырт киімсіз, жалаң аяқ, арттары ашылған күйі жер аударылады. Содан Мысыр әбден масқараланады. Қайтыс болған қосағыңды жоқтамай, тек қана үн-түнсіз күңіреніп қайғыр! Азалы дәстүрді ұстанбай-ақ, әдеттегідей басыңа сәлдеңді орап, аяғыңа аяқкиіміңді киіп ал. Сондай-ақ, салт бойынша сақал-мұртыңды қымтап жауып алушы болма, жоқтайтындардың арнайы тамағынан ауыз тиме!» Зәйтүн тауының беткейіндегі Бетфаге мен Бетания ауылдарына жақындағанда, Иса шәкірттерінің екеуін жұмсап, Иса Иерусалим қаласына жақындап қалған кезде оған қарап көзіне жас алып былай деді:
Выбор основного перевода