Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Гөшен, Холон мен Ғило — он бір қала әрі оларға қарасты елді мекендер; Біреу Дәуітке Ахитопелдің де Абессаломмен ауыз жаласқандығы туралы хабарлады. Сонда Дәуіт: «Уа, Жаратқан Ие, Ахитопелдің беретін ақылын ақымақтыққа айналдыра гөр!» — деп дұға етті. Яһуда руындағы Парес әулетінен шыққан осы Яшобам бірінші айда жасақтағы барлық сардарларға басшылық ететін. (Дәуіттің жыры. Ол Дәуіттің өз ұлы Абессаломнан қашып жүрген кезіне арналған.) «Қатерлі ауру жабысыпты оған,Ол мәңгі тұрмайды жатқан орнынан!» Тонаушылық пен өлім мол шаһарда,Жалғандық пен зорлық бітпес базарда. Жауым қараласа соған төзер едім,Дұшпаным бас көтерсе одан тығылар едім. Алайда мұны істеген қатарласымСенсің, о, жаныма жақын сырлас досым!
Выбор основного перевода