Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал қызметші:— Осы қалада Құдайдың тағайындаған адамы тұрады, солай емес пе? Ол өте беделді, айтқандарының барлығы да шындыққа айналады. Кәне, соған барайық. Мүмкін, қайдан іздеу керек екенін айтып берер, — деп ұсыныс жасады. Саул:— Жарайды, барайық, бірақ оған не сыйлаймыз? Дорбаларымызда нан да қалмады. Енді Құдайдың адамына сыйлайтындай еш тартуымыз жоқ. Әлде бірдеңеміз бар ма? — дегенде, қызметші:— Менде бір ширек мысқалдай күміс бар. Соны Құдайдың адамына сыйға тартып, есектерімізді қай жерден іздеу керек екенін сұрап, біліп алайық, — деп жауап берді. — Жақсы, жүр, кеттік! — деп Саул келісті. Сонымен олар Құдайдың адамы тұратын қалаға жетті.Бұрын Исраилде біреу Құдайдан бір нәрсені сұрап білгісі келгенде: «Жүр, Тәңір Ие аян беретін көріпкелге барайық!» — дейтін. Себебі қазір «пайғамбар» делінгендер сол заманда «Тәңір Ие аян беретін көріпкел» деп аталатын. Жонатан мен Ахимағас осы кезде қала сыртындағы Ен-Рогел атты қайнар көздің маңында болатын. Бір қызметші қыз оларға хабар әкеліп тұратын. Екі жігіт сол хабарды Дәуіт патшаға жіберетін. Біреу-міреу танып қояр деп екі жігіт қалаға кірмеді. Шайқастан кейін Садық ұлы Ахимағас Жоғабқа:— Мен енді жүгіріп барып, патшаға: «Жаратқан Ие сізді жауларыңыздың қатерінен азат етті!» деген қуанышты хабарды жеткізейін! — деп рұқсат сұрады. Жоғаб осыны айта бергенде, діни қызметкер Абиятардың ұлы Жонатан келе қалды. Адониях оған:— Кел, сен өзің батыл адамсың, алып келген хабарың да жақсы болар! — деді.
Выбор основного перевода