Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ сенің тыныштықта өмір сүретін ұлың болады. Мен оның жан-жағындағы барлық жауларын тыныштандырамын. Оның есімі — Сүлеймен. Сүлейменнің кезінде Мен Исраил еліне амандық пен тыныштық сыйлаймын. Есейден Дәуіт патша туды.Дәуіттен Сүлеймен туды, оның анасы Ұрияның бұрынғы әйелі болатын. Келесі жылғы көктемде, патшалар жорыққа аттанатын уақытта, Жоғаб Исраилдің әскерін жауға қарсы бастап шықты. Олар аммондықтардың елін жаппай ойрандап, астаналары Раббаны қоршап алды. Дәуіттің өзі Иерусалимде қалып қойды. Жоғаб Рабба қаласына қарсы шабуыл жасап, оны қиратты. Дәуіт аммондық патшаның басынан тәжін шешіп алып, оны өз басына киді. Салмағы бір ат басындай саф алтын тәж асыл таспен безендірілген болатын. Бұған қоса Дәуіт қаладан өте көп мөлшерде олжа алып шықты. Ол қаладағы халықты да шығарып, ара, темір кетпен және балтамен жұмыс істеуге мәжбүрледі. Аммондықтардың күллі қалаларының халқымен де Дәуіт осылай істеді. Содан соң Дәуіт бүкіл әскерін ертіп Иерусалимге қайта оралды.
Выбор основного перевода