Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол тұста патша Натан пайғамбарға:— Міне, мен самырсыннан салынған сарайда тұрып жатырмын, ал Құдайдың сандығы жай шатырда ғана тұр! — деді. Патша одан:— Не болды? — деп сұрады. Әйел былай деп жауап берді:— Күйеуім қайтыс болған бір бейшара жесірмін. Алдыңыздағы күңіңіздің екі ұлы бар еді. Олар бір күні далада жүргенде бір-бірімен төбелесіп қалыпты, ал оларды ажырататын ешкім болмаған. Сөйтіп біреуі екіншісін ұрып, өлтіріп тастады. Қазір бүкіл әулет маған қарсы шығып отыр. Олар: «Бауырын өлтіргенді бізге тапсыр! Оны өлтіріп, бауыры үшін кек алудан тайынбаймыз. Сонда біз жалғыз мұрагерді құртып жоқ қыламыз» деуде. Осылай олар менің соңғы ұшқынымды сөндіріп, күйеуімнен жер бетінде қалған жалғыз тұяғын да қалдырмай, атын өшірмекші. — Тек Натан пайғамбарды, Бенаяхты, патшаның батырларын және інісі Сүлейменді шақырмады. Сол кезде пайғамбарлар шәкірттерінің біреуі Жаратқан Иенің сөзі бойынша қасындағы серігіне: «Мені ұрып-соқ!» — деп бұйырды. Бірақ серігі ұрудан бас тартты. Сонда әлгі пайғамбар: «Жаратқан Иенің айтқан сөзіне құлақ аспағаның үшін менен шыққанда саған арыстан бас салады», — деді. Оның серігі кетіп бара жатқанда-ақ бір арыстан оған тап беріп, өлтіріп тастады. Пайғамбар басқа біреуді тауып алып, оған: «Мені ұрып-соқшы!» — деді. Сол адам оны ұрып-соғып, жарақаттады. Мұнан кейін пайғамбар ешкім танымастай етіп көзін бір ораумен таңып алды да, жол бойына барып, Ахаб патшаны тосып тұрды. Ақыры патша өтіп бара жатқанда, пайғамбар оған айқайлап, былай деді:— Уа, тақсыр ие, алдыңыздағы құлыңыз шайқасқа қатысқан еді. Сонда бір адам маған қолға түскен жауды тапсырып: «Мынаны күзете тұр! Егер ол қашып кетсе, оның жаны үшін сенің жаның алынады немесе ат басындай күміс айып төлейсің!» деген болатын. Сонда ананы-мынаны істеп жүріп, қолым босамай кеткенде, тұтқын жоқ болып кетті! — Патша оған:— Үкімің сол болсын! Оны сен өз аузыңмен айттың, — деген тұжырымын айтты. Ахаб патша осыны айтқанда, пайғамбар дереу көзіндегі орауын алып тастады. Сонда патша оның пайғамбарлардың біреуі екенін таныды. Дәуіт патшаның істері басынан аяғына дейін Самуил, Натан, Ғад есімді пайғамбарлардың жазып қалдырған кітаптарында баяндалған.
Выбор основного перевода