Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құда түсіріп, айттырып қойған қалыңдықтарыңды бөтен біреулер алып, олармен жақындасады. Салған үйлеріңде өздерің тұра алмайсыңдар, отырғызған жүзімдіктеріңнің жемісін ешқашан жемейсіңдер. Сонда Дәуіт хабаршыларын жіберіп, оны алдыртты. Әйел келіп, Дәуіт онымен бірге болды. Кейін әйел үйіне қайтып кетті. Бұдан бірнеше күн бұрын ғана ол айлық етеккірінен тазарған болатын. Содан әйел жүкті болып қалып, Дәуітке: «Аяғым ауыр», — деген хабар жіберді. Сонда Дәуіт соғысып жатқан Жоғабқа: «Маған хеттік Ұрияны жеткіз!» — деген бұйрық жолдап, Жоғаб сол кісіні Дәуітке жіберді. Ұрия оның алдына келгенде, Дәуіт одан Жоғаб пен әскердің жағдайы туралы және соғыстың қалай өтіп жатқандығы жайлы сұрастырды. Дәуіт соңынан Ұрияға: «Үйіңе барып, жуынып-шайынып демал!» — деді. Ұрия сарайдан шығып кеткеннен кейін патша оның артынан дәмді тамақ пен ішімдік жіберді. Бірақ Ұрия үйіне бармай, патша иесінің басқа да қызметшілерімен бірге сарайдың кіреберісінің жанында түнеп шықты. «Ұрия үйіне барған жоқ!» — дегенді естіген кезде, Дәуіт оны қасына шақырып алып:— Алыс жолдан келдің ғой. Неге үйіңе барып, демалмайсың? — деп сұрады. Ал Ұрия жауап қайтарып:— Келісім сандығы және Исраил мен Яһуда әскері шатырларда тұр. Жоғаб төрем және патша иемнің қызметшілері ашық далада түнеп жүр. Сонда мен үйіме барып, ішіп-жеп, әйеліммен бірге бола аламын ба? Сіздің алдыңызда шын айтамын: мен мұндай нәрсені істемеймін! — деп ант етті. Сонда Дәуіт:— Олай болса, бүгін де осында қал, ал ертең сені қайтарып жіберемін, — деді. Сонымен Ұрия сол күні Иерусалимде қалып қойды. Келесі күні Дәуіт оны ішіп-жесін деп шақырып, тойдыра мас қылды. Алайда кешке Ұрия тағы да өз үйіне бармай, патша иесінің қызметшілерімен бірге түнеді. Сондықтан Дәуіт таңертең Жоғабқа хат жазып, оны Ұриядан беріп жіберді. Хатында ол былай деді: «Ұрияны ең қатты шайқас болып жатқан майданның алдыңғы шебіне қойып, оны өлімге қалдырып, өздерің кері шегініп кетіңдер!» Сөйтіп Абессалом үшін үйдің жалпақ төбесінде шатыр тігілді. Ол бүкіл Исраилдің көз алдында соған кіріп, әкесінің кәнизактарымен бірге болды.
Выбор основного перевода