Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Царств
Параллельные места
Егер олардың кейбіреуі үйден шығып кетсе, онда ол төгілген қанына өзі кінәлі болып, біз кінәсіз боламыз. Ал егер үйіңіздің ішіндегі бір адамға біреуіміз күш жұмсап өлтіріп тастасақ, онда оның төгілген қаны біздің мойнымызда болады. Сонда Ханна жылап, жүрегіндегі шерін Жаратқан Иеге ақтарып сиынды. Бірақ Дәуіт кейін осы оқиға туралы естігенде наразылығын білдіріп былай деді: «Жаратқан Иенің алдында Нер ұлы Әбенирдің төгілген қанына өзім де, патшалығым да еш кінәлі емеспіз! Кінә Жоғаб пен оның әкесінің бүкіл әулетінің мойнына жүктелсін! Бұдан былай Жоғабтың әулетінен денесінен ірің ағатын немесе алапеспен ауыратын, ақсақ-тоқсақ, не біреудің семсерінен өмірі қиылатын, не тамаққа тапшылықтан көз ашпайтын адам ешқашан үзілмесін!» Біліп қой, қаладан шығып, Қидрон сайын кесіп өтетін болсаң, сен міндетті түрде өлесің. Сонда төгілген қаның өз мойныңда болады. — Бүкіл халық:— Оның қаны біздің және ұрпақтарымыздың мойнында болсын! — деп жауап берді. Патша оған:— Әй, зұлым қызметші! Сені өз аузыңнан шыққан сөздеріңмен үкімдеймін! Менің салмаған қаржыны иемденіп, екпеген өнімді оратын қатал адам екенімді білдің ғой?
2. Царств
Выбор основного перевода