Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Царств
Параллельные места
Ешуа қатты қайғырып көйлегінің өңірін айыра жыртты да, кешке дейін Жаратқан Иенің Келісім сандығының алдында етпетінен жатты. Исраилдің рубасылары да солай істеп, барлығы да бастарына топырақ шашты. Дәуіт Жоғаб пен оның қасындағы барлық адамдарға бұйрық беріп:— Көйлектеріңнің өңірін айыра жыртып, азалы киім киіп, Әбенирді жоқтаңдар! — деді. Оның мәйіті қабірге апарылғанда, Дәуіт патшаның өзі соңынан жүрді. Сонда патша орнынан тұрды да, қатты қайғырып көйлегінің өңірін айыра жыртып, тақыр жерге жата қалды. Оның қасында тұрған барлық нөкерлері де қатты қайғырып осылай істеді. Сонда Әйүп орнынан тұрды да, қатты қайғырып шапанының өңірін жыртып, шашын қырқып алып тастады. Мұнан кейін ол Тәңір Иеге мойынсұнып етпетінен жерге жата кетті.
2. Царств
Выбор основного перевода